БҰҰ-ның Женева кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында метеорология маманы халықты Солтүстік жарты шарда және бүкіл әлемде болатын аптап ыстыққа дайын болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жылудың жылдам урбанизация, жоғары температура және халық санына байланысты денсаулыққа қауіп төндіретініне назар аударған Нейрн мұның экономикаға, табиғи өмірге және қоршаған ортаға үлкен әсер ететінін атап өтті.
Жақында жүргізілген зерттеуге сүйенсек, өткен жазда Еуропада аптап ыстықтан 60 мың адам қайтыс болған.
Айта кетейік, Еуропа әлемдегі ең мықты ерте ескерту жүйелеріне ие.
"Біз аптап ыстық толқындарының ұзақтығы мен қарқындылығының үздіксіз ұлғаюын байқап отырмыз. Бұл жаһандық жылыну туралы ғылыми деректерге және климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың есептеріне толығымен сәйкес келеді. Әлем алдағы аптап ыстыққа дайын болуы керек", - деді дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының маманы Джон Нейрн.