Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылуында Қазақстан құрамасы шеруде тусыз жүріп өтті

851

Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылуында Қазақстан құрамасы шеруде тусыз жүріп өтті

Оның жазуынша, Ченнайда қырық төртінші Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. 186 елден келген 1 736 шахматшы мықтыларды анықтау үшін осында жиналды.

"Шахматтың отаны Үндістан биыл алғаш рет Олимпиада өткізуде. Әсемдік, ауқым – барлық жағынан таң қалдыруға тырысып жатыр. Көріністі сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Үздік үнді фильмдерінің ән, биімен, жарқын түстерімен тамаша қылып, Болливуд жұлдыздарын жинаған", – деп суреттейді ол салтанатты іс-шараны. 

Айтуынша, 186 мемлекеттің 185-і жалауын желбіретіп өткен. 

"Неге 186 ел бола тұра ту саны 185 деп сұрайтын шығарсыз? Себебі ұйымдастыруға жауапты Қазақстандық шахмат федерациясы ұлттық құрамаға қамқорлық жасамады, қамқорлық жасауды қажет деп санамады, ұмытып кетті, 20 мың теңгені аяды. Салдарынан Қазақстан құрамасы шеруде тусыз өтті. Ұят! Мүмкін Хусаинов-Сәдуақасов мырзалар ту деген маңызды мемлекеттік рәміз екенін білмейтін шығар? Бұған Қазақстан шахмат федерациясы жауап беруге тиіс", – дейді Таңжарықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу