Яғни тақырыптың трендтен түсетін түрі әлі көрінбейді. Жасыратыны жоқ, түк шығармай, тез-ақ шаруасы біткен нысандарға билік кезінде қыруар қаржы құйды. Бірақ соңы сиырқұйымшақтанып кетті. Басы-қасында кімнің жүргенін анықтау да қиын. Есеп комитетінің қызметкерлері соңғы кезде құжаттарды ақтарып, осыған әбден бас қатырғанын айтты. Алайда түптің түбінде заңды белден басқандарды "жауапқа тарт" деп атын атып, түсін түстеп құқық қорғау органдарына беріп жіберген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу