"Дүркіретіп той өткізгендерге салық салынады" – Комитет жауап берді

Бұл тікелей жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе де, қызметпен айналысатындарға қатысты. 

"Дүркіретіп той өткізгендерге салық салынады" – Комитет жауап берді Фото: elements.envato.com

Ақпараттың анық-қанығын Мемлекеттік кірістер комитеті нақтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әңгіме жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға қатысты болып отыр. Комитет қызмет түріне қарамастан, жеке тұлғалардың салық төлеу міндетін әкімшілендіру арқылы қадағалайды. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын адамдар, яғни іс-шара жүргізушілері, тамадалар, әншілер салық міндеттемелерін басқа азаматтар мен кәсіпкерлер сияқты жалпы негізде орындайды, бұл салық салудың әділдік қағидатына сәйкес, – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Кірістер комитеті камералдық бақылау табыс тапқан барлық тұлғаға теңдей жүргізілетінін еске салды.

Ақпан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен 600-ге жуық блогерге хабарлама жібере бастаған еді. Тексеру, салыстыру қорытындысында 594 тұлғаның табысында 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу