Дирхам – соңғы жылдары Дуров өмір сүрген БАӘ-нің ақша бірлігі. Бір дирхам шамамен 130 теңгеге сәйкес келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дуровтың ісі талқыланған сот отырысында Париж прокурорлары Telegram негізін қалаушы үшін кепіл белгілеуді ұсынды. Басында ұсынылған 20 миллион еуроны судья бес миллионға дейін азайтты.
Le monde басылымы кепіл сомасы өте төмен екендігін алға тартады. Дуров 2023 жылы Дубайдағы қайырымдылық аукционында автокөлік нөмірін 8,5 миллион еуроға сатып алғаны бәрінің есінде.
Telegram негізін қалаушының әл-ауқаты әр жерде әртүрлі бағаланады. Бірақ мамандар Дуровтың байқуатты екенін, табысы шамамен 9-15 миллиард долларға жетеді деп санайды.
Дуров өзіне ештеңе төлемейтініне қарамастан, Telegram басшысы мультимиллиардер ретінде танымал. 2014 жылы ресейлік "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі акцияларын сатудан алған 300 миллион еуродан басқа, Дуров Telegram-ның барлық акционерлік капиталына иелік етеді. Бірнеше инвестициялық қорлардың бағалауы бойынша, оның құны 30 миллиард доллар.