"Дұрыс киінбегендіктен": Зорлық-зомбылықтың себебін талқылаған подкаст қатысушылары сынға қалды

814

Бұл тақырыптағы Orta подкасты YouTube-та өткен жылы тамызда жарық көрген, 448 мың қаралым жинап үлгерген.

"Дұрыс киінбегендіктен": Зорлық-зомбылықтың себебін талқылаған подкаст қатысушылары сынға қалды Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде дін тақырыбында әңгіме қозғайтын танымал подкасттан үзінді тарады. Жиналған қатысушылар зорланған әйелдердің өздерін кінәлауға тырысып,  "дұрыс киінбей, дұрыс емес уақытта жүргендіктен" дегенге келтіреді. Бұл пікір желі қолданушылырын ашуландырды, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетов университетте оқып жүргенде, криминология пәнінің мұғалімі, белгілі бір подполковник Қазақстандағы зорлау статистикасын келтіргенін айтты.

"Әйелдерді зорлаудың 85 пайызы “дұрыс емес жерде”, “дұрыс емес киіммен, дұрыс емес уақытта жүргендіктен болады. Бұл – негізгі себептер", – деді ол.

Ал ТМД-ға танымал рэпер Jah Khalib "дұрыс емес киім" дегенге аса мән беруді сұрады. Ол ашық киінген қыздарға қарағанда хиджаб киген қыздар өзін қауіпсіз сезінетінін айтты. Сондай-ақ ол ашық кигендер ерлерді еліктіреді деген пікірді қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу