Дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырудың онкүндігі басталды

1764

Дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырудың онкүндігі басталды

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында "Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!" ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізілді. Шара 10 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады.

Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық заттарды қамтитын жақсы сәйкестендірілген тағам.  Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол жақсы денсаулықтың негізін құрайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің төмендеуіне, физикалық және психикалық дамудың бұзылуына, сондай-ақ өмірлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.

 

Осыған байланысты, онкүндік аясында республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында бейінді мамандарды, диетологтарды тартумен, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында оқушылар, ата-аналар үшін консультациялар ұйымдастырылуымен ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар барысында қант деңгейін және қандағы холестеринді, Кетле индексін анықтауға болады. Дұрыс тамақтану мәселелеріне арналған тренингтер және әңгімелер өткізумен денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылмақ.

Профилактикалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі – жасөспірімдердің денсаулық деңгейіне мониторинг жасау және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, мектепте және отбасында тәуекелдерді алдын-алу  тетіктерін енгізу үшін жағдай жасау.

Онкүндікті өткізу – халықтың дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу