Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің 35-ші отырысы өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңесті өткізу туралы шешім Баку қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (ТМД-ГМК) 34-ші отырысы барысында бекітілді.
ТМД-ның Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің жұмысына ТМД-ға мүше 10 қатысушы-мемлекет қатысады. Соның ішінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Молдова және Ресей Федерациясы бар.
Сондай-ақ, кеңестің барлық отырыстарының жұмысына байқаушылар ретінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның делегациялары қатысады.
Айта кетейік, ТМД-ның Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі 1992 жылғы 8 ақпандағы гидрометеорология саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісіммен құрылды.
Бұдан бөлек, ол Достастық шеңберіндегі салалық ынтымақтастықтың алғашқы үкіметаралық құжаттарының бірі болды. Оны қабылдаудың маңыздылығы – экономиканы тиімді дамыту, халықтың қауіпсіздігін және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін тұрақты сенімді гидрометеорологиялық ақпаратты алу қажеттілігінде болды.