Душанбе мен Бішкек мемлекеттік шекараны делимитациялауды талқылады

347

Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Душанбе мен Бішкек мемлекеттік шекараны делимитациялауды талқылады Фото: Anadolu Agency

Қырғызстанның Баткен қаласында екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметтік делегацияларының кезекті бірлескен отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тәжікстан делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов, Қырғызстан делегациясын - ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев басқарды.

Кездесу барысында тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселесі бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. 

Жұмыс топтарына тиісті тапсырмалар берілді.​​​​​​​

Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық жұмыс топтары мен құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс топтары қалған учаскелерде тәжік-қырғыз шекарасының жобалық желісін сипаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Кездесу барысында шекара маңы аудандары арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ шекара маңы облыстары мен екі мемлекеттің аудандары арасындағы ынтымақтастықтың белсенді жұмысын жалғастыру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу