Душанбеде Қазақстан әдебиетінің бұрышы ашылды

1108

Душанбеде Қазақстан әдебиетінің бұрышы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту аясында Қазақстанның Душанбе қаласындағы Елшілігінің бастамасымен Тәжікстанның ұлттық кітапханасында қазақстандық әдебиет бұрышының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы  Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап egemen.kz хабарлайды.

Ашылу салтанатында Елші Нұрлан Сейтімов аталған іс-шараны өткізу екі халықтың бай әдеби мұрасының одан әрі тығыз жақындасуына, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына себеп болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық тарап жүйелі түрде жаңартып отыратын қазақ, тәжік, орыс пен ағылшын тілдеріндегі қазақстандық және тәжікстандық авторлардың кітаптары Ұлттық кітапхананың қорына табыс етілді. Аталмыш іс-шараға Ұлттық кітапхананың басшылығы, "Бәйтерек" қазақ мәдени орталығының төрағасы Зәуре Сәминова, БАҚ пен Тәжікістанның ЖОО студенттері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу