Душанбедегі бизнес-форумға еліміздің атынан 30-ға тарта кәсіпорын қатысады

1044

Душанбедегі бизнес-форумға еліміздің атынан 30-ға тарта кәсіпорын қатысады

Душанбеде ҚР ИДМ "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтуде, деп хабарлады strategy2050.kz.

Құрылыс, тамақ, химия, фармацевтика және машина жасау салаларындағы 29 отандық кәсіпорын Тәжікстанның көтерме сауда, дистрибьюторлық және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізеді.

Бүгінгі таңда бұл "KAZNEX INVEST"-тің Душанбеде өткізіп жатқан алтыншы іс-шарасы. Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша 75 компания жалпы құны 46 млн АҚШ долларының  келісімшарттарын жасаған.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 580,4 млн АҚШ долларын құраған, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 17,1%-ға төмен. Қазақстаннан экспорт 2014 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға қысқарып, 415,5 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстанның Тәжікстаннан импорты 8,9%-ға қысқарып, 164,9 млн  АҚШ долларын құраған.

Агенттік жыл соңына дейін сауда миссияларын өткізуді және Ресей Федерациясында, Монғолияда, БАӘ және Иранда отандық өндірушілердің өнімін ұсынуды жоспарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу