Алматыда күн райының қолайсыздығынан ұшақ апатты жағдайда жерге қонған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kris_p_almata парақшасында жарияланған кезекті бейнежазбаны жолаушылардың бірі түсіріпті. Ондағы пікірлерде ұшқыштың кәсіби біліктілігі, батыл әрекеті жолаушылардың аман-есен жерге қонуына себепші болғаны жазылған.
Еске салайық, Душанбеден ұшқан рейс күн райының қиын жағдайына қарамастан, Алматы қаласына сәтті қонған. Екінші бір жерден түсіріліген видеодан қатты дауыл мен жауын-шашынның әсері әуе кемесіне айтарлықтай қиындық тудырғаны анық байқалады. Яғни, ақ шаң арасында ұшақтың теңселіп келе жатқаны мен қону барысындағы көзге оғаш қимылы сәтті таспаланып қалған.