Душанбеден Ташкентке 25 жылдан соң алғашқы ұшақ жол тартты

782

Душанбеден Ташкентке 25 жылдан соң алғашқы ұшақ жол тартты

25 жылдық үзілістен кейін Душанбеден Ташкентке алғашқы жолаушы ұшағы сапарға аттандырылды.

Тәжіктің "Сомон Эйр" әуе компаниясы ұшақ техникалық рейсті атқарғанын, ал тұрақты сапар 20 ақпаннан басталатынын айтты, деп жазады Би-би-си.

Сондай-ақ Өзбекстанның өзге де қалаларынан рейстер ұйымдастыру көзделген

Душанбеден Ташкентке "Сомон Эйр" тек дүйсенбі күндері ғана ұшатын болады.

Наурыздың соңында рейстер саны екеуге дейін артып, дүйсенбі және бейсенбі күндері болады.

Бұрынғы кеңестік екі елдің арасында бүгінгі күнге дейін жолаушылардың әуе және автобус қатынасы болған жоқ.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында тікелей әуе қатынасы 1993 жылы саяси салқындыққа байланысты тоқтаған болатын.

Екі ел арасында визалық режім әлі де сақталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу