Дычко қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді

915

Дычко қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіби бокстағы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Майамиде (АҚШ. Флорида штаты) ол 36 жастағы мексикалық Сельсо Пинсонмен (5-4-1, 3 КО) кездесті. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Дычко қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.

Иван үшін бұл оның карьерасындағы 4-ші жеңіс. Ал Пинсон 5-ші рет жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Дычконың бапкері Зия Алиев тілшілерге берген сұхбаттарының бірінде адуында қарсыластарды ақпан айынан соң таңдай бастайтынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу