Қазақстандық боксшы Иван Дычко Сент-Питерсбургтегі кәсіпқой бокс кеші алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды prosports.kz.
27 жастағы боксшы өзінің алтыншы жекпе-жегінде америкалық Майкл Марронемен жұдырықтасады. Дычконың салмағы – 108,7 кг. Ал оның қарсыласы 113,2 келіні көрсетті.
Естеріңізге салсақ, Дычко өзінің соңғы жекпе-жегінде Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу