Дычко мен Жалолов кездессе, өзбек боксшысы жеңіске жетеді – Василий Конов

689

Иван Дычко (14-0, 13 KO) өткен аптада АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, жергілікті боксшыны нокаутпен жеңген болатын.

Дычко мен Жалолов кездессе, өзбек боксшысы жеңіске жетеді – Василий Конов Фото: inbusiness.kz

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко пен оның байырғы қарсыласы Баходир Жалолов кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы "Матч ТВ" тілшісі, спорт журналисі кіші Василий Конов Sports.kz-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко (14-0, 13 KO) өткен аптада АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, жергілікті боксшыны нокаутпен жеңген болатын. Осыдан кейін спорт шолушылары оның байырғы қарсыласы Баходир Жалоловты еске алып, екеуінің арасында кәсіпқой бокста жекпе-жек ұйымдастыру мәселесін көтерді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында жеңімпаз атанғаннан кейін Жалолов біржола кәсіпқой боксқа кететінін мәлімдеген еді. Ол бұған дейін кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп үлгерген және бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен.

"Матч ТВ" тілшісі, спорт журналисі кіші Василий Конов Sports.kz-ке берген сұхбатында Дычко мен Жалолов тағы бір рет кездесуі әбден мүмкін дегенді айтып отыр.

"Әбден мүмкін. Бұл жоғары деңгейдегі екі боксшының керемет айқасы болар еді", – дейді журналист.

Әуесқой бокста Дычко мен Жалолов төрт рет кездесіп, төртеуінде де қазақстандық жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, бұл жолы кездессе Дычконың мүмкіндігі өте аз болады дейді Конов.

"Мен үшін болашақ бұл жекпе-жекте Жалолов фаворит. Екеуінің мүмкіндігін процентпен көрсетсем 70 пен 30 дер едім. Бұл посткеңестік елдердің жанкүйерлері үшін ғана қызықты айқас боларын айтқым келеді. Егер Қазақстанда немесе Өзбекстанда өткізілсе, аренада аншлаг болары сөзсіз. Ал, АҚШ-та өтетін болса қызығушылық болмайды", – деді ресейлік маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу