Жоба түрік капиталы есебінен жүзеге асырылған. Жобаны іске асыруға жұмсалған инвестицияның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. Егер қазіргі уақытта кәсіпорында 12 жұмыс орны ашылса, толық жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жұмыс орындарының санын 45 адамға дейін арттыру жоспарлануда.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мыңға жуық дымқыл майлықтар шығаруға мүмкіндік береді.
Компания өнімді ішкі нарықта сатуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС – "Оңтүстік" АЭА-ның аумағында түрік инвестицияларының қатысуымен жүзеге асырылған үшінші жоба болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу