Джакартада еліміздің көкбайрағы салтанатты түрде көтерілді

828

 Қазіргі таңда 200-ге жуық спортшы Джакарта мен Палембанг қалаларындағы атлетикалық ауылға келіп қоныстануда. 

 Джакартада еліміздің көкбайрағы салтанатты түрде көтерілді

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Еліміздің туын ресми түрде көтеру салтанатына Қазақстан құрамасының спортшылары мен еліміздегі спорт саласын басқарушы мамандар қатысты. 

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт дирекциясының басшысы, Азия ойындарындағы Қазақстанның спорттық делегациясының жетекшісі Елсияр Қанағатов ту көтеру салтанатына жиналған спортшыларға сәттілік тілеп, Азия ойындарының Қазақстан үшін маңызды спорт додасы екенін атап өтті. 

"Бүгін Азия ойындарында еліміздің көк байрағы көтерілді. Қазіргі таңда 200-ге жуық спортшы Джакарта мен Палембанг қалаларындағы атлетикалық ауылға келіп қоныстануда. Құрамадағы көптеген спортшылар жарыс кестесіне сай Азия ойындарына алдағы уақытта ұшып келеді. Атлеттерді күтіп алу, орналастыру, тамақтандыру мәселелері түгелдей шешілген. Бүгінде Индонезиядағы спортшыларымыз жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Ал кейбір командалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңіндегі матчтар өтіп жатқанын білесіздер. Гандболшылар мен баскетболшыларымыз Азия ойындарындағы іріктеу кезеңдерін өткізуде.  Біз спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Жанкүйерлер үміт артып отырғандықтан, халықты қуантады деп сенеміз", - дейді Елсияр Қанағатов. 

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары 18 тамыз -2 қыркүйек аралығында Джакарта мен Палембанг қалаларында өтеді. Қазіргі таңда Джакартадағы атлеттер қалашығына олимпиадалық спорт түрлері бойынша 15 команда, Палембангта 4 команда қоныстанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу