Джакартада жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды

783

Қазақстандық спортшылар стенд ату, нысана көздеу, жүзу, таеквондо, ушу, семсерлесу, спорттық гимнастика, су добы, волейбол, көгалдағы хоккей, жағажай волейболы және теннистен сынға түседі,

Джакартада жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды

Бүгін Джакартада жазғы Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды. Қазақстандық спортшылар стенд ату, нысана көздеу, жүзу, таеквондо, ушу, семсерлесу, спорттық гимнастика, су добы, волейбол, көгалдағы хоккей, жағажай волейболы және теннистен сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz, 

Академиялық есу жекелеген сында А. Мочула мен И. Эксузиди іріктеу кезеңінен өтті. Төрт адамдық бәсекеде В.Васильев-Г.Фиклистов-А.Шашков-Е.Тацей алтыншы орынмен келесі айналымға жолдама алды. А. Опачанова,  М.Пойда, М.Чепикова, В.Германович төрттігі іріктеу айналымында 2-ші орын алып, келесі кезеңге өтті.

Таеквондодан 53 келідегі Ф. Алдоңғарова 1/16 финалда өзбекстандық қарсыласын 17:16 есебімен жеңді. 67 келі салмақта А. Ерқасымова Оңтүстік Корея спортшысынан ойсырай ұтылды. Есеп: 9:35

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу