Джанни Инфантино ФИФА-ның президенті болып қайта тағайындалды

571

Ол FIFA ережесі негізінде дауыс берусіз сайланды. 

Джанни Инфантино ФИФА-ның президенті болып қайта тағайындалды Фото: РИА Новости Спорт

ФИФА Президентін сайлау Руанда астанасы Кигалидегі конгрессте аяқталды. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті лауазымына швейцариялық Джанни Инфантино қайта сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

Инфантино сайлауға жалғыз үміткер ретінде ФИФА ережесі негізінде дауыс берусіз сайланды.

23 наурызда 53 жасқа толатын Инфантино ФИФА-ны 2016 жылдың ақпанынан бастап басқарады. Кезінде ол жерлесі Джозеф Блаттердің орнына кезектен тыс конгресте сайланған. Блаттер көптеген сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдарынан кейін ұйымнан кетті. Инфантино 2000 жылдан 2016 жылға дейін Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағында (УЕФА) жұмыс істеді, осы ұйымдағы соңғы жеті жыл ішінде ол Бас хатшы қызметін атқарды.

Алдыңғы күні ФИФА Әлем чемпионаттарының жаңа күнтізбесін бекітті деп хабарланды. Қайта қаралған формат сөз байласу қаупін азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу