Джапарова: "Украина – түрік мәдениетінің мұрагері"

511

Украинаның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эмине Джапарова Қырым татарларының Киев пен Анкара арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан үлесі, Қырым платформасы мен туралы айтты.

Джапарова: "Украина – түрік мәдениетінің мұрагері"

Құрамына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдер кіретін Түрік кеңесінде Украина бақылаушы мәртебесіне ие болғысы келеді. Украинаның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эмине Джапарова Demiroren басылымына берген сұхбатында осылай деді. 

Джапарова екі ел арасындағы "тарихи байланыс" бар екенін, Украина "түрік мәдениетінің мұрагері" дегенді айтты.

"Біз көршілес елдерміз. Украина – түрік мәдениетінің мұрагері. Қырым татарлары – Украина мен Түркия арасындағы көпір", – деді ол.

Оның айтуынша, Ресей Азов теңізін өзінің иелегіндегі көлге айналдырғысы келеді. Сондай-ақ ол Қырым Ресейдің әскери базасына айналғанын, ал Қара теңізде 6 ресейлік суасты қайығы бар екенін жеткізді. "Осы база айналасындағы барлық елдер Ресей өңірді басқару бойынша агрессивті саясат жүргізіп жатқанын түсінуі қажет", – деп басып айтты Джапарова.

Осы орайда Украина Қырым платформасын құрастыруды қолға алған екен. Джапарова Түркия осы мәселеге қызығушылығын танытып отыр дегенді мәлім етті.Министрлік өкілі Анкара мен Киев әскери салада да ынтымақтастық орнатқанын еске салды.

Табиғат Нұрболат
Фото: trtrussian.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу