Джастин Трюдо билік басында қалды

858

Канаданың парламенттік сайлауында ел премьері Джастин Трюдоның Либералдық партиясы, яғни қазіргі басқарушы партия жеңіске жетті.

Джастин Трюдо билік басында қалды

Ұлттық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, либералдар 338 округтің 156-сында басым түскен.

Айта кететін жайт, "көпшілік үкіметін" құру үшін жеңімпаз партияға кемінде 170 округтың қолдауына ие болу керек. Осылайша соңғы саяси доданың нәтижесі бойынша, енді "азшылық кабинеті" жасақталмақ. 

Екінші орында – Эндрю Шир жетекшілік ететін Консервативтік партия. Оған 121 округ дауыстарын берген. Ал "Квебек блогы" үшінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарда Жаңа демократиялық партия мен "жасылдар" Партиясы. Ал Канаданың Ұлттық партиясы болса, бұл жолы жалғыз мандатынан айырылып қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, Джастин Трюдо парламентті тарату және сайлауалды кампанияның басталғаны туралы 11 қыркүйекте жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу