Джастин Трюдо: Қытай еліміздегі сайлау нәтижесіне араласты

491

Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо Қытай 2021 және 2019 жылдары елде өткен сайлау барысына араласты, деп мәлімдеме жасады.  

Джастин Трюдо: Қытай еліміздегі сайлау нәтижесіне араласты Фото: bbc.com

Бұл істі зерттеу үшін ол арнайы тәуелсіз сарапшылар мен тергеу тобын бекіткен, деп хабарлайды Atameken business телеарнасы.

The Globe and Mai басылымы жазғандай, Қытай Канаданың парламент сайлауында либералды партияға көмектесу үшін арнайы стратегия ұсынып, оппозициялық консервативті партияның жеңілуіне септескен.

Алайда Трюдо дәл қазір нақты дәлелдері жоқ екендігін мойындап отыр.

Пекин болса "Канаданың ішкі жұмыстары бізге қызық емес" деп тағылған айыпты мойындамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу