Дүниежүзілік банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жұмысына өзгерістер енгізу керек.. Бұл туралы қаржы институтының мамандары халықаралық конференцияда мәлімдеді. Тәуелсіз сарапшылар қордың негізгі жұмыстарын әлемдік стандарттарға сай келетінін айтты. Әйтседе кететін кемшін тұстар да бар. Мәселен Дүние жүзілік банк мамандары Ұлттық Банктың қорды қатаң қадағалуда ұстайтынын тілге тиек етті. Оның орнына қаржы реттеуішінің екінші деңгейлі банктер туралы қорға көп мәлімет беру керек. Сонда депозит қоры активтердің жағдайын, банктердің қосылуы жайлы және өзге де ақпараттарға қол жеткізе алады дейді мамандар. Бұл өз кезегінде банктердің банкротқа ұшырауын және мемлекеттік шығындар көлемін азайтуға септігін тигізетін болады.
Коллин Маскеник ДЖБ қаржы секторының тәуелсіз сарапшысы
"Сорақысы сол банк акционерлері барлық активтері ұрлап қашып кетуі мүмкін. Сондықтан қаржы ұйымдары сақтандыруға ақшаны алдын ала төлеп тұруы міндетті. Алайда олар қажетті сомманы төлеуден бас тартады екен. Сондықтан олқылықтардың орын алуына негіз көп. Қазір мәселені қайта қарап шығып, банк құпииясына қатысты тиісті заңдарға өзгерістер енгізу қажет.