Джефф Безос Amazon акцияларын сатуды жоспарлап отыр

336

Мәміледен 5 миллиард доллар түсуі мүмкін. 

Джефф Безос Amazon акцияларын сатуды жоспарлап отыр Фото: Интерфакс

Amazon.com Inc. басшысы және оның негізін қалаушы Джефф Безос 2025 жылдың соңына дейін компаниясының 25 миллион акциясын сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға (SEC) жіберілген құжаттарда көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфаксқа сілтеме жасап.

Қазіргі баға ұсыныстарына сәйкес, сату көлемі шамамен 5 млрд доллар болады.

Ақпан айының ортасында кәсіпкер 50 млн Amazon қағазын 8 млрд долларға сатты.

Сарапшылардың сөзінше, әдетте Безос сатылымды ұзақ уақытқа созбай, акцияларды бірнеше сессияда сатады.

Айта кету керек, Джефф Безосқа 936 миллионнан астам Amazon акциясы тиесілі. Компанияның сейсенбі күнгі баға ұсыныстары рекордтық 200 долларға жетті. Жыл басынан Amazon капитализациясы 30%-ға ұлғайып, 2,06 трлн долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу