Джефф Безос өзінің ғарыш станциясын салады

664

Станцияға "Орбиталық риф" (Orbital Reef) деген атау беріледі. 

Джефф Безос өзінің ғарыш станциясын салады

Amazon-ның негізін қалаған америкалық миллиардер Джефф Безостың Blue Origin деп аталатын аэроғарыштық компаниясы Sierra Space-пен бірлесіп, 2025-2030 жылдарға дейін өзінің коммерциялық ғарыш станциясын салады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Станцияға "Орбиталық риф" (Orbital Reef) деген атау беріледі. Онда зерттеушілер, БАҚ, ғарыштық туристер, кәсіпкерлерге арналған бизнес-парк болады. 

"Алпыс жылдан астам уақыт бойы NASA және басқа ғарыш агенттіктері орбиталық ғарыштық ұшулар мен ғарыштық тұрғын үйлерді дамытып, бізді коммерциялық бизнеске дайындады. Енді бұл жоба алдағы он жылда іске қосылады", – деді Blue Origin өкілі Брент Шервуд.

Станция қажетті ғылыми және көп функциялы модульдермен, техникамен жабдықталады. "Орбиталық рифте" он шақты адам өмір сүріп, жұмыс істей алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу