Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

929

Ғарышқа әлемнің әйгілі кәсіпкерімен кімнің бірге ұшатыны әлі белгісіз.  

Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

Құпия жолаушының кім екені бірнеше аптадан кейін жарияланады, деп хабарлайды  inbusiness.kz  порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Билет аукционда 28 млн долларға сатылған.

Бұдан бұрын Blue Origin New Shepard суборбитальды кемесінің бортындағы жолаушылардың бір орнына онлайн-аукцион өткізген еді. Әуе кемесі 20 шілдеде ұшады.

New Shepard – ғарышқа коммерциялық сапар ұйымдастыратын көпреттік ғарыш кемесі. Компанияның технологиясына сәйкес, ұшу сапарының өзі 10 минутқа созылады: New Shepard Техастағы ғарыш айлағынан сапарға шығады. Экипажы бар капсула бөлініп шыққаннан кейін кеме Жер шарынан 105 шақырым жоғарыға көтеріледі. 

Blue Origin бұған дейін тесттік әрі пилотсыз режимде New Shepard кемелерін 15 рет ұшырған еді. Оның соңғы сапары сәуірде де жолаушысыз өткен. Алайда старт алдында болашақ сапардың "репитициясы" жасалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу