Amazon компаниясының иесі әрі әлемдегі ең ауқатты адам саналатын Джефф Безос – байлығы 200 миллиард доллардан асқан алғашқы миллиардер. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.
Бірақ бұл межеде ол ұзақ тұрақтамады. Сәрсенбі күні оның байлығы 199,7 миллиард теңгеге дейін азайып кетті. Дегенмен бұл да Безос үшін жаңа рекорд. 2 шілдеде оның 172 млрд доллары болған еді.
Ескере кететін жайт, мұндай динамикаға Amazon акцияларының 1,18%-ға қымбаттап, 33,46,49 долларға дейін жетуі себеп болып отыр. Соңғы мәлімет бойынша, компанияның капитализациясы 1,68 триллион долларға дейін көтерілген. Amazon акцияларының 11,1%-ы Безосқа тиесілі. Миллиардер 2017 жылдан бері әлемдегі ең бай адам саналады.
Безостың корпорациясы – әлемдегі ең онлайн ритейлердің бірі. Ол АҚШ-тан бөлек Канада, Қытай, Бразилия, Жапония мен Еуропа елдерінде жұмыс істейді. Amazon.com интернет дүкені 1995 жылы құрылған.
Табиғат Нұрболат
Фото: ap.com