Джей Ло концерті Ташкентке 3,3 млн доллар табыс әкелген

201

Өзбекстан астанасында өткен америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің концерті қала қазынасына қомақты кіріс түсірді.  

Джей Ло концерті Ташкентке 3,3 млн доллар табыс әкелген Фото: 24.kg

Мәдениет пен өнерді дамыту қорының мәліметінше, 2025 жылғы 7 тамызда "Бунёдкор" стадионында өткен шарадан 42,5 млрд сумнан – шамамен 3,3 млн доллар – астам салық түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл – Өзбекстан тарихында ААА санатындағы әртіс қатысқан алғашқы концерт. Оған жалпы 31 144 адам жиналды (оның ішінде стадион қызметкерлері де бар). 25 мың билет сатылып, олардың 67%-ын шетелдіктер сатып алған.

Концертке 15 330 шетелдік турист келген. Олардың 8 945-і – Ресейден, 2 495-і – Қазақстаннан, қалғандары Еуропа мен АҚШ-тан.

5-8 тамыз аралығында Ташкент қонақүйлерінің жүктемесі өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға артқан. Ал 7 тамыз күні Чилонзор метро желісі 16 500-ден астам жолаушыны тасымалдады.

Шараны ұйымдастыруға 115 ұйым атсалысты. Оқиға орнында 18 фуд-корт пен сауда нүктесі жұмыс істеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 88 патрульдік және арнайы техника, 8 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылып, 3 800 полиция қызметкері, 300 ерікті және 500 тазалықшы жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу