Дженнифер Лопес назар аударған қазақстандық блогер көз жасын көл қылды

Камила Саянқызы Дженнифер Лопестің биін қайталап, бейнебаян түсірген еді.  

Дженнифер Лопес назар аударған қазақстандық блогер көз жасын көл қылды Фото: Бейнежазбадан

10 тамыз күні Алматыда атақты әншінің концертінде тұрған сәтте оның еңбегін Джей Ло өзінің 248 миллион жазылушысы бар парақшасына жариялаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Блогер болған жайттан соң қуанышын жасыра алмады. Сөйтті де әлеуметтік желісіне жедел түрде әсерлі видео салған. 

– Қазір не үшін жылап отырғанымды білмеймін. Бірақ менің еңбегімді Дженнифер Лопес көріпті. Қарағандыдан шыққан қарапайым қара қыз бүгін Джей Лоның концертінде де, парақшасында да көрінді. Бұл мүмкін емес дүние сияқты көрінген. Мен іштей "егер бұл жүзеге асса, менің басты арманым да орындалады" деп түйіп едім, – деп жазды блогер.

Айта кетейік, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада, 10 тамызда Алматы қаласында жеке концертін берген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу