Джек Ма ауылшаруашылық технологияларына инвестиция салады

453

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы, 58 жастағы қытайлық миллиардер Джек Ма ауылшаруашылық технологиясымен айналысатын жаңа компанияға ақша құйды. 

Джек Ма ауылшаруашылық технологияларына инвестиция салады Фото: Vesti.az

1.8 meters Marine Technology деп аталатын стартап балық аулау мен ауыл шаруашылығына бағытталған, деп жазады Inbusiness.kz.

Компания Маның туған жері әрі Alibaba штаб-пәтері орналасқан Ханчжоу қаласында тіркелген.

Ма инвестициялық компанияларының бірі Hangzhou Dajingtou No. 22 Arts and Culture Co. стартаптың 10% акцияларына иелік етеді. Бұл инвестицияны журналистер кәсіпкердің Қытайдың технологиялық секторынан біртіндеп кетуіне тағы бір қадамы деп бағалады. Жақында Ма Испания, Нидерланды, Жапония мен Тайланд сияқты әртүрлі елдерде ауыл шаруашылығы мен агротехнологияларға қызығушылық танытып, зерттеп көрді.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Токио университетінде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінің тұрақты дамуы бойынша шақырылған профессор ретінде жұмыс істейді. Ма 2019 жылы Қытай билігін сынағаннан кейін Alibaba-дан кетті және өз жобалары жайлы ашық жарияламайды. Ол сондай-ақ өзінің байлығын едәуір бөлігін қысқартқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу