2020 жылғы 1 мамырда Алматыға "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізіліп, оның ішіне тест жүйелері (50 016 дана) мен өкпені жасанды желдету аппараттары (30 дана) болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді.
Осыған дейін 2020 жылғы 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер біздің елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, түйіспесіз термометрлер) жолдаған.