Джек Ма 23 мемлекетке гуманитарлық жәрдем жібермек

1357

Alibaba қоры коронавирусқа қарсы көмек көрсетілетін елдердің тізіміне Өзбекстан мен Қазақстанды да қосты. 

Джек Ма 23 мемлекетке гуманитарлық жәрдем жібермек

Джек Ма және Alibaba қорлары коронавирустың таралуына жол берген елдерге көрсететін көмек көлемін ұлғайтпақшы. Тек Азияның өзінде аталмыш қор 23 мемлекетке гуманитарлық жәрдем жібермек. Бұл тізімге соңғы болып енген 7 елдің ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Бутан, Үндістан және Вьетнам бар. Қытай миллиардері көмекті медициналық керек-жарақ түрінде көрсетеді.

Қос қор аталған 7 мемлекетке жалпы жиыны 1,7 миллион маска, 165 000 тест жүйесін, арнайы киім мен өкпеге жасанды дем беретін қондырғы сияқты құралдар табыстауды жоспарлап отыр. Ал Азияның 23 еліне жалпы жиыны 7,4 миллиона маска мен 485 000 тест-жүйе, 100 000-нан астам қорғаныш киім мен қондырғы беру көзделген.

"Өз үй ішімізді Covid-19-дан қорғау ісінде біз бүкіл әлеммен біргеміз. Бірлесе отырып біз қажетті дәрі-дәрмекті жеткізу қиын, бірақ аса мұқтаж жерлерге мейлінше жылдам апаруға күш саламыз", – деп жазылған қордың ақпаратында.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу