Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіруі мүмкін

Бұл туралы облыстық туризм басқармасы хабарлап отыр. 

Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіруі мүмкін Фото: © AP Photo/ Wally Santana

"Құдайдың сауыттары 4: Ultimatum" жобасының тобы Ақтауға келіп, өңірдің қала және табиғат локацияларын зерделеуге кіріскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, 1986 жылы жарық көрген "Құдайдың сауыттары" франшизасы – Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал жобалардың бірі. Оның ондаған жылдан соң қайта оралуы әлемдегі миллиондаған жанкүйердің қызығушылығын тудыруда. Ал түсірілім орны ретінде Маңғыстаудың таңдалуы – Қазақстан киноиндустриясы үшін үлкен оқиға.

Түсірілім тобы Маңғыстау облысының әкімімен де кездескен. Жиында ұйымдастырушылық мәселелер мен өңір аумағында түсірілім жұмыстарын жүргізу үшін қажет қолдау шаралары талқыланды.

Егер жоба толық мақұлданса, Маңғыстау жаһандық кинематографиялық тарихтың бір бөлігіне айналып, алғаш рет Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмнің түсірілім алаңына айналуы мүмкін. 

Бозжыра – шетелдік қонақтар әсемдігін талай мәрте таңдай қағып жеткізген жер. Мәселен, әзербайжандық әнші әрі кәсіпкер Emin бұл жердің көріністеріне тамсанып, "бұл пейзаждардың шынайы екеніне сену қиын, ертегі сияқты" деп пікір қалдырған-ды. Сонымен қатар, заманауи электронды музыканы үйлестірген башқұрт тобы "Ay Yola" "Yola" атты әніне түсірген клиптің бір бөлігінде Бозжыраны қамтыған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу