Онда әлемге әйгілі актер Джеки Чанға өзінің бейнесі салынған ерекше кілем-картина тарту етілгені көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбадан киножұлдыздың сыйлықты жылы қабылдап, қазақстандық шебердің еңбегіне ризашылығын білдіргенін байқау қиын емес. Тіпті, Джеки Чан қазақстандық суретшіні құшақтап, оған қайта-қайта алғысын жаудырған.
Жаза кетейік, осыған дейін суретші Алматы мен Астанада концерт өткізген аты аңызға айналған әнші Дженнифер Лопестің де бейнесін кілемге түсірген еді. Ол видео суретшінің әлеуметтік желісінде 1,3 миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу