Танымал қытайлық актер, режиссер Джеки Чан Қазақстанда қандай жобаға қатысып жатқаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Тиісті ақпарат Sәlem Entertainment-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пайда болды.
"Біз Джеки Чанның Алматыға жасаған сапарының мән-жайын ресми түрде жариялаймыз. Бұл сапар "Құдіретті сауыт: Ультиматум" атты культтік франшизаның жаңа фильміне қатысты. Миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аты аңызға бергісіз саганың төртінші бөлімі Қазақстанда түсіріледі", – делінген хабарламада.
"Құдіретті сауыт" – Джеки Чанның қатысуымен түсірілген ең танымал туындылардың бірі. Франшизаның бөлімдері 1986, 1991, 2012 жылдары түсірілген.