Дженнифер Лопес қазақ әншісінің каверін өз парақшасында бөлісті

143

Әлемге танымал америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories бөлімінде қазақстандық орындаушының каверін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дженнифер Лопес қазақ әншісінің каверін өз парақшасында бөлісті Фото: Бейнежазбадан

Қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова Дженнифер Лопестің "Ain’t Your Mama" атты әнін қазақ тіліне аударып орындады. Әннің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кең таралып, 1,5 миллионнан астам қаралым жинады.

Шетелдік жұлдыздың өз парақшасында каверді жариялауы отандық орындаушылардың халықаралық деңгейде танылуына жол ашатын маңызды оқиға ретінде бағалануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу