Фанаттар үшін шектеу: бір адамға тек 4 билетке дейін сатып алуға болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.
Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік туры аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу