Дженнифер Лопестің концерті кезінде Алматыда бірнеше көше жабылады

147

Аталған көше учаскелері 10 тамыз күні сағат 16:00-ден бастап жабылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дженнифер Лопестің концерті кезінде Алматыда бірнеше көше жабылады Фото: canva

Алматы қаласының Полиция департаменті Орталық стадионда өтетін концерт кезінде жабылатын көшелердің схемасын жариялады.

Атап айтқанда:

  • Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін;
  • Қ.Сәтбаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
  • Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабық болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шараға полиция, әскери қызметкерлер, жеке күзет пен еріктілерден құралған 3 мыңға жуық адам жұмылдырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы 50 автобус ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, LED-экрандар мен бағыттаушы белгілер орнатылып, концертке келушілер үшін навигация қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертінде әнші Садраддин өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу