Астанада өтетін әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне байланысты қаланың кей аудандарында, әсіресе "Астана Арена" маңында пәтерлерді тәуліктік жалдау бағасы бірнеше есе өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін бұл аудандағы орташа жалдау бағасы:
 – бір бөлмелі пәтер  – 12-15 мың теңге
 – екі бөлмелі пәтер  – 20-25 мың теңге шамасында болған.
Алайда концерт қарсаңында кейбір пәтер иелері бағаны тәулігіне 45 000 теңгеге дейін көтерген. Жарнамада тікелей көрсетілген "31 шілде – 2 тамыз аралығы – 45 000 теңге. Джей Ло концерті!"
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        