Джип жүргізушісі иттің өлексесін неге сүйрегенін түсіндірді

938

Бұл іс бойынша тексеріс басталды. 

Джип жүргізушісі иттің өлексесін неге сүйрегенін түсіндірді

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісінің ит өлексесін сүйретіп жүргені түсірілген видео тарады. Видео авторы оқиғаның Алматы облысындағы Шамалған ауылында болғанын жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бейнежазба жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Полицейлер көлік жүргізушісін тапты. 

"Көрсетілген видео 24 наурыз күні Қарасай ауданында түсірілген. Жол талғамайтын Toyota 4Runner көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды, ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ер адам иттің бұған дейін өліп қалғанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жолда жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты ол жануардың мәйітін ауыл шетіне сүйреп апаруды ұйғарады", – деп жазды Алматы облысы ДП баспасөз қызметі. 

Қазір бұл айғақтар тексерілуде. Қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу