Джо Байден 2024 жылы президенттікке сайлауға түсетінін хабарлады

534

Ол өзінің саяси мәлімдемесін "Бостандық" сөзінен бастады.

Джо Байден 2024 жылы президенттікке сайлауға түсетінін хабарлады Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы қайтадан АҚШ президенттігіне үміткер болатынын мәлімдеді.

Ол өзінің саяси мәлімдемесін "Бостандық" сөзінен бастап, үш минуттық видеода келесі сайлауға түсетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Видеода Байден өзінің сайлау алды науқанындағы ең маңызды мәселелер: түсік түсіру құқығы, демократия мен сайлау құқығын қорғау және американдықтардың әлеуметтік кепілдіктеріне тоқталды.

Байден сайлаушылар келешек ұрпақтың болашағы қандай болатынын, еркіндік пен құқықты таңдау мүмкіндігіне ие болатынын атап өтті. 

"Америкалықтар қай кезде болмасын демократияны, жеке бостандықтарымызды қорғауға, дауыс беру құқығы мен азаматтық құқықтары үшін үнемі күресіп келеді. Дәл сондай күн бізге де туды", - деді Байден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу