Джо Байден 2024 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді

351

АҚШ Президенті Джо Байден 2024 жылы сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді, бірақ науқан басталғанша әлі көп жұмыс істеу керектігін атап өтті. 

Джо Байден 2024 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді Фото: newsweek.com

Ол жұма күні ABC телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтемемен.

Байденнің айтуынша, ол келесі президент сайлауына "қатысуға ниетті".

"Алайда, науқан басталмас бұрын бұған дейін басталған көп жұмысты аяқтауым керек", - деп атап өтті ол.

80 жастағы демократтың ойынша, оның жасы сайлауға қатысу бойынша жоспарына әсер етпейді.

"Бірақ, адамдардың менің жасым туралы сұрақ қоюына негіз бар", - деді ол.

Джо Байден мемлекет басшысы лауазымына қайта сайлануға қатысу туралы жоспарымен 2022 жылғы 9 қарашада бөліскен болатын, алайда толық шешімді осы жылдың басында қабылдайтынын ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу