Джо Байден: Әлем Ресейді бұл үшін жауапқа тартады

1468

АҚШ Президенті Джо Байден Донбасста әскери операция жүргізіп жатқан Ресейге ескерту жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Джо Байден: Әлем Ресейді бұл үшін жауапқа тартады

Ол Twitter-дегі жазбасында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін, ондағы жағдайды жіті назарда ұстап отырғанын айтты.

Сондай-ақ әлем халқы қазір Украинаның тілеуін тілеп отыр. Путин күш көрсету арқылы көп адам қырғынға ұшырайтын соғыс жолын таңдады, деп жазды.

Десе де, Ақ үй өкілдері АҚШ Украинаға әскерилер жібермейтінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу