Джо Байден демократия саммитіне Қазақстан мен Ресейді шақырмаған

2461

Шақырылғандар тізімінде Польша, Үндістан, Филиппин бар. 

Джо Байден демократия саммитіне Қазақстан мен Ресейді шақырмаған

АҚШ Президенті Джо Байден демократия саммитін ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында саммитке шақырылған 110 елдің тізімі жарияланған. Еуропалық Одақта Венгриядан басқа барлық ел жиынға шақырылған.

"Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігінің дерегінше, Америка Құрама Штаттарының Солтүстік атлантикалық келісім ұйымындағы (НАТО) одақтасы Түркия саммитке шақырылмаған.

Шақырылғандар тізімінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Армения, Грузия, Молдова, Литва, Латвия, Эстония, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан жоқ.

Сондай-ақ Джо Байден "саммиттің нақты міндеттемелері мен нәтижелерін әзірлеу үшін" жиынға азаматтық қоғам мен жеке сектор өкілдерін шақыруды жоспарлап отыр.

Бір жылдан кейін АҚШ президенті "прогресті қорытындылау және ортақ жолды белгілеу" екінші саммитті ұйымдастырады.

Айта кетейік, биыл тамызда Джо Байден 9-10 желтоқсанда "демократия көшбасшылары үшін" виртуалды саммит өткізетіні хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу