Джо Байден Facebook иесі Марк Цукербергке қысым көрсеткен

161

Америкалық Meta корпорациясының басшысы Марк Цукерберг Джо Байденнің әкімшілігі оған компанияның әлеуметтік желілеріндегі контентті цензуралауды талап етіп, қысым жасағанын мойындады.

Джо Байден Facebook иесі Марк Цукербергке қысым көрсеткен Фото: REUTERS

Мета басшысының хаты АҚШ өкілдер палатасы комитетінің төрағасы Джим Джорданға жолданған, комитет оны Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Цукерберг атап өткендей, Байден әкімшілігінің шенеуніктері 2021 жылы корпорацияға "бірнеше рет қысым көрсетіп", "Covid-19-ға қатысты белгілі бір мазмұнды, соның ішінде әзіл мен сатираны цензуралауды талап етіп, компания келіспеген кезде үлкен наразылық білдірді". Дегенмен контентті өшіру туралы соңғы шешім платформа еншісінде қалды, дейді Цукерберг.

"Мен үкіметтің қысымы дұрыс емес деп санаймын және біз бұл туралы бұған дейін ашық айтпағанымызға өкінемін...мен кез-келген әкімшіліктің қысымына байланысты контент стандарттарына қатысты қандай да бір келісіге келуге міндетті емеспіз деген ойдамын", – деп жазады Meta басшысы.

Сондай-ақ, Цукерберг өзінің бақылауындағы платформаларда Ақ үйдің қазіргі басшысының ұлы Хантер Байденнің ноутбугіндегі ақпаратқа қатысты оқиғаның таралуын тежегенін мойындады, онда кіші Байденнің есірткі мен жезөкшелік саласындағы қылмыстық әрекеттерге қатысы бары айтылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу