Джо Байден Гавайиге іс-сапармен бармақ

430

АҚШ президенті Джо Байден Гавайи штатына сапар шегіп, Мауи аралындағы ауқымды орман өрттерінің салдарын өз көзімен көрмек. 

Джо Байден Гавайиге іс-сапармен бармақ Фото: RT

Америка басшысы Висконсин штатында сөйлеген сөзінде Гавайидегі жағдайға түсініктеме берді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Жұбайым Джил екеуміз Гавайиге мүмкіндік туа салысымен барамыз. Мен бұл туралы штат губернаторы Джош Гринмен телефон арқылы сөйлестім. Мен оларға өрттің салдарын жоюға кедергі жасағым келмейді, түрлі апат аймақтарында болған адам ретінде айтып тұрмын. Дегенмен оларға қажет нәрсенің бәрі бар екеніне көз жеткізгім келеді", - деді президент.

Ол тілсіз жау "Гавайиде әлі де өршіп тұр" деп қосты.

"Өрт 99 адамның өмірін қиды. Табиғи апаттың соққысын толық еңсердік деп айта алмаймыз. Бұл 100 жылда бір болатын, бүкіл қаланың күл талқанын шығарған өрт. Жергілікті гавайлықтардың ұрпақтарының тарихи жәдігерлерінің күлі көкке ұшты", - деп атап өтті АҚШ басшысы.

Байден Гринмен телефон арқылы сөйлескен кезде ол өртті қалпына келтіру және жою үшін "штатта федералды үкіметтен қажеттінің бәрі болады деп сендірді" деді.

Мауи аралында өрт 9 тамызда басталды. Қатты желдің әсерінен өрт Лахайна туристік қаласына дейін тарап, нәтижесінде ол толығымен өртеніп кетті. Кем дегенде 4,5 мың адам баспанасыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу