Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімгершілікті ұзартуға ниет білдірді

273

Америка президенті келешекте АҚШ "Таяу Шығыстағы зомбылықтың осы кезеңін" тоқтатуы қажет деп атап өтті. 

Джо Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімгершілікті ұзартуға ниет білдірді  Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден Израиль мен ХАМАС-тың уақытша атысты тоқтату шешімін қолдауға шақырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз израильдіктер мен палестиналықтар бір күні тең дәрежеде бостандық пен қадір-қасиетке ие екі мемлекет туралы келісім аясында қатар өмір сүре алатын шешімге қол жеткізуге деген шешімімізді растауымыз қажет. Бұл қазір бұрынғыдан да маңызды", - деп мәлімдеді Джо Байден.

АҚШ басшысы екі себеп бойынша соғыс қимылдарын тоқтатуды дәйекті түрде талап еткенін айтты. Олардың арасында Газаға гуманитарлық көмек жеткізуді кеңейту және кепілге алынғандарды босатуды жеңілдету.

Айта кетейік, соңғы бірнеше аптада Джо Байден Катар әмірімен, Мысыр президентімен және Израиль премьер-министрімен уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін бірнеше рет сөйлескен. Сондай-ақ, АҚШ президенті осы мақсатқа жету жолындағы серіктестігі үшін үш көшбасшыға да алғысын білдірді.

Жалпы, соғыс қимылдарындағы үзіліс зардап шеккендерге қажетті гуманитарлық көмекті жеткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, 200-ден астам жүк көлігі палестиналықтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай және газды Газаға жеткізу мақсатында Египеттегі бақылау бекетіне жіберілді.

Сондай-ақ, Байден алдағы күндері әрбір бала – еврей, мұсылман, христиан, израильдік, палестиналық болып табылатын аймақта бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Таяу Шығыстағы көшбасшылармен қарым-қатынасын жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу