АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм Америка президенті Джо Байденнің Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алайда елші Джо Байденнің Қазақстанға келу-келмеуі туралы нақты мәліметті айтпады.
"АҚШ Президенті Джо Байден Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтқым келеді.АҚШ-тың жоғары басшылығы тарапынан Қазақстан мен Орталық Азияға үлкен қызығушылық бар, сондықтан мүмкіндік бар", деді Дэниел Розенблюм.
Айта кетейік, Тәуелсіздік алғалы 32 жыл ішінде АҚШ-тың бірде-бір президенті Қазақстанға келмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу