Джо Байден мемлекеттік берешек лимитін көтеру жөніндегі заңға қол қойды

492

АҚШ Президенті Джо Байден мемлекеттік берешек лимитін көтеру жөніндегі заңға қол қойды. 

Джо Байден мемлекеттік берешек лимитін көтеру жөніндегі заңға қол қойды Фото: РИА Новости

Ол заң “Салықтық жауапкершіліктен босату” деп аталады. Сәйкесінше, 2025 жылдың 2 қаңтарынан бастап Американың қарыз лимиті өсіп, жаңа шекті сома бекітіледі. Бұл заңнама мәтіні Ақ үйдің сайтында жарияланды. 

Қазіргі уақытта АҚШ берешегінің лимиті $31,4 триллионды құрап отыр. Айта кету керек, бұл шешім екі партияның да толық көңілінен шықпай отыр. Заңды қолдап 63 сенатора дауыс берсе, 36сы қарсы шықты. Өкілдер палатасында 314 депутат қолдаса, 117 адам қарсы дауыс берді.  Дегенмен заңнама мемлекеттік берешек проблемасын  уақытша болса да шешті. Ал келер жылы өтетін президенттік сайлаудан кейін ол қайта пайда болады дейді сарапшылар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу